Мәуліт – имандылық айы

Атбасар аудандық мешітінде Мәуліт мерекесі ұлықталды. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған күні Мәуліт айын  мұсылмандар қасиетті мереке ретінде атап өтуде. 

Биылғы  жылы Мәуліт айы елімізде  желтоқсанның 12-сі мен қаңтар айының  12-сі аралығында тойлануда.
Атбасар мешітінде  мұсылманмын деген жандар  намазға жығылып, Құран аяттарын оқып, Пайғамбарымыз жайлы салауат өлеңдер  тыңдауда.  Мәуліт мейрамына орай, арнайы келген облыстың өкіл имамы Қанат Қыдырмин  жиналған көпшілікке  Пайғамбарымыздың өміріне байланысты уағыздар айтып, өмірі мен  көркем мінезі жөнінде   әңгімеледі.
Сонымен қатар,  жомарт азаматтар  әлеуметтік жағдайы төмен  отбасыларға   ірі қара  мен  қойды  құрбандыққа шалып, етін тегін таратты.
Темірбек ҚАСЫМЖАНОВ.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар