Мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарының өкілдері журналистермен брифинг өткізіп, осы бағыттағы атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіндегі мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов өз сөзінде халыққа мемлекеттік қызметті сапалы әрі ашық түрде көрсету сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ететінін айтып өтті. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік корпорация арқылы қағаз бен электрондық түрде көрсетіледі. Бұл қызмет электрондық түрде көрсетілгенде қызмет беруші мен қызмет алушы жүздеспейді. Яғни, сыбайлас жемқорлықтың туындауына мүмкіндік болмайды. Бақылау шаралары жиі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңнама бұзушылықтың 1,6 мың фактісі анықталған. Құжаттар қабылдауда бақылау мен мониторингтің жеткіліксіздігі тәрізді мемлекеттік стандарттар сақтала бермейтін көрінеді. Басқарма басшысы одан әрі заңнаманы бұзғандар жөнінде де айтып берді.
Облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу департаменті директорының орынбасары Мәдияр Оразалиевтың мәлімдеуінше, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ерекше назар аударып, әртүрлі қызмет түрі бойынша бизнес-үрдістерді оңтайландырады. Мемлекеттік корпорация жұмысының көрсеткіші азаматтарға қызмет көрсету деңгейін арттыруға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашықтығын нығайтуға, оларды адамдар мен бизнестің қажеттілігі мен мүдделерін қолдауға бағыттау болып табылады. Директордың орынбасары одан әрі департаменттің міндеті жөнінде айтты. Мекеменің құрылымында 14 бөлім жұмыс істейді. Сондай-ақ, өңірдің қалалары мен аудандарында орналасқан бөлімдер жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу жөнінде мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсетеді. Біздің департамент жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 15 түрін, бұдан өзге жер кадастры мен жерге орналастыру саласындағы коммерциялық қызметтің 38 түрін ұсынады. Мемлекеттік қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылады. Жыл басынан бері мекеме 34,3 мың мемлекеттік қызмет көрсеткен. Департамент жұмысының басымды бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайды ескерту, департамент қызметкерлерінің қызмет алушылармен жүздесуін шектеу шараларын сақтау болып табылады. Осы орайда, жұмыс пен қызмет көрсету кезінде департамент қызметкерлері тапсырыс берушілер мен орындаушылар арасындағы кез келген жүздесу шектелген. Сондай-ақ, департамент пен барлық қалалық және аудандық бөлімшелерде қызмет алушыларға кедергісіз қызмет көрсету, құжаттар толтыру кезінде тапсырыс берушілердің мамандардан нақты көмек пен жедел кеңес алуы ұйымдастырылған. Департаменттің барлық кеңселерінде мемлекеттік корпорацияның сенім телефоны орнатылған.
–«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – облыстық «Тұрғындарға қызмет көрсету орталығы» департаментінде 23 бөлім жұмыс істейді. Жыл басынан бері 1,6 миллион (оның 1,03 миллионы электрондық түрде) мемлекеттік қызмет көрсетілген. Филиалдың барлық қалалық және аудандық бөлімдерінде арнайы сектор ұйымдастырылған. Мұнда қызмет алушылардың өздері электрондық үкімет порталы арқылы электрондық анықтама ала алады. Әр секторға порталмен жұмыс істеуге үйрететін кеңесшілер бекітілген. Жыл басынан бері 3,1 мың мәрте мүмкіндігі шектеулі адамдардың баспанасында болып, 3,4 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Тұрғындарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмасын орындау аясында бүгінгі таңда өңірде тұрғындарға жедел қызмет көрсетудің бес орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері бұл орталықтар арқылы 41,1 мың қызмет көрсетілді. Оның 26,1 мыңы электрондық түрде жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорациядағы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту, оңтайландыру мақсатында баланың тууына байланысты «Тууды тіркеу», «Сәбидің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау», «Кірісі жоқтарға төлемақы тағайындау» тәрізді пилоттық жобалар жұмыс істейді,– деді облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары Нұрбек Қайыржанов.
Облыстық «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің есебінде әртүрлі төлем тіркелген. Жыл басынан бері зейнетақы мөлшері 9 пайызға, жәрдемақы 7 пайызға көбейтілді. Сондай-ақ, биылғы жылдың 1 шілдесінде зейнетақы мен базалық зейнетақы төлемі 20 пайызға дейін артты. Аталмыш департамент директоры Виталий Городецкидің айтуынша, жыл басынан бері 58,9 мың (ПЭП арқылы 2011) мемлекеттік қызмет көрсетілген. Топтардың өзгеруіне және мүгедектіктің мерзіміне, асыраушысының жоқтығына және өзге де жағдайларға байланысты 40,9 мың зейнетақы ісі бойынша ауыстыру және ұзарту жұмысы жүргізілді. «Азаматтарға арналған үкімет» құрылғаннан бері мемлекеттік корпорация бірқатар қызмет енгізу арқылы тұрғындарға арналған мемлекеттік қызмет көрсетуді қысқарту шараларына ерекше назар аударады. 2017 жылдың 16 қаңтарынан бері өлімді тіркеудің композиттік қызмет енгізу жөніндегі пилоттық жобасы жүзеге асырылды. Оның ішіне азаматтық хал актілерін жазу және жерлеу төлемін тағайындауға өзгертулер, толықтырулар және түзетулер енгізілді. Бұл пилоттық жоба аясында 2,8 мың қызмет көрсетілді.
–2017 жылдың тамызынан жыл соңына дейін зейнетақы төлемін қайта есептеу бойынша пилоттық жобасы жүзеге асырылды. Зейнетақы төлемін қайта есептеу зейнеткерлерге еңбек өтілін санау үшін талап етілетін құжаттардағы сәйкессіздікті уақытында анықтауға, арнайы мекемеден білуге, осы мезгілде орта айлығы кірісін ұсынуға, қажет кезінде сотқа жолығуға мүмкіндік береді. Осы орайда, 8 тамыздан бері департамент бөлімшелері 287 кеңес берді. Бүгінгі таңда зейнетақыны 8 пайызға, жәрдемақыны 6 пайызға, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорының төлемін 16 пайызға арттыру жұмысы жүргізілуде. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемін санау әдісі өзгереді. Бұл төлемді тағайындау үшін 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен бұл жылдан кейінгі жинақтау зейнетақы жүйесіне қатысу мезгілі есептеледі. Мұндай жағдай әлеуметтік әділдікті қалпына келтіреді. Адам көп жыл жұмыс істесе, базалық зейнетақысы да жоғары. Мұндай өзгерту барлық зейнеткерлерді қамтиды. Қайта есептеуде құжаттар талап етілмейді,–деді департамент директоры.

Рамазан Тілеуов.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *