Майдангерлердің соңғыларының өзі қазір 90-да

Қос майданның ері Алексей Тонкихтың өміріндегі қуанышты оқиға Ұлы Жеңіс мерекесімен тұспа-тұс келді. 90-ға толып отырған ардагердің өмір жолы айтулы кезеңдерге  бай.  

 

Бұрынғы Көкшетау облысының Павловка селосында 1927 жылы дүниеге келген оның жастық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келді. Соғыстың соңғы жылы майданда болып, танк полкында жүргізуші қызметін атқарды. Жеңістен кейін туған жерге оралып, ішкі істер органдарына қызметке орналасты. Сөйтіп, ол құқық қорғау саласында 37 жыл үзбей қызмет атқарды. Мұнда да ұзақ жылғы еңбегі ескеріліп, «Мінсіз қызметі үшін», «Милицияның үздігі» медальдарымен және басқа да төсбелгілермен марапатталды. Бар саналы ғұмырын   ішкі істер органдарындағы қызметке арнаған ардагерді 90 жасқа толуына байланысты  облыстық ішкі істер департаментінің және ардагерлер Кеңесінің басшылығы атынан отставкадағы подполковник Қайырбек Оспанов құттықтап, Алғыс хатын табыс етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар