Мал союдың да өз ережесі бар

Сочинский селосында мал соятын модульдік түрдегі қасапхана ашылды.

Қасапхана қондырғысын ресейлік «ТД«МИЛАМ» ашық қоғамдық бірлестігі орнатты. Бұл қоғамдық бірлестік Ресейде тамақ өнеркәсібінің қондырғысын өндіру бағытында он бес жыл бойы көш бастап келеді. «Сочинский» серіктестігінің тапсырысы бойынша салынған қасапхана контейнерлік түрдегі жеті модульді кешеннен тұрады. Ірі қара мен қой соятын модульдерге екі тоңазытқыш, етті сүйектен сылу, тұрмыстық, сондай-ақ шұжық өндірісінің модулі кіреді. Серіктестіктің бас инженері Олег Бовдуев өз сөзінде мал шаруашылығы үшін дайын шешім ұсынған Ресей компаниясының көмегімен ірі қара мен қой етін толық өңдеуге қол жеткізгендерін, мал союдан жоғары сапалы ет пен шұжық өнімдерін алғанға дейінгі жұмыс қазіргі заманғы талаптар мен стандарттарға сәйкес жүргізілетінін атап өтті. Бүгінгі таңда серіктестікте ет бағытындағы 300 бас ірі қара бағылады. Алдағы уақытта қасапханада аталмыш шаруашылықтың және көршілес елді мекендердегі шаруашылықтар мен тұрғындардың малдары сойылып, өңделеді деп жоспарланған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар