Марапат иесін тапты

«Құрметті жолшы» төсбелгісімен  автомобиль жолдары саласындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытуға үлес қосып, еңбегі сіңген жолшылар марапатталды. Солардың бірі – Балғожа Жанәділов.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Дудар Сағитов саналы ғұмырын осы салаға арнаған Балғожа Жанәділовты «Құрметті жолшы» төсбелгісімен марапаттады. Ол 1979 жылдан бас-тап бұрынғы Көкшетау облысы Уәлиханов ауданындағы автомобиль жолдары саласындағы «ДЭУ-61» кәсіпорнында  еңбек етіп, Степняк қаласынан «Чапаев» кеңшарына дейінгі автокөлік жолдарына күтім жасады. Қыс айларында қардан тазалады. Сілеті мен Нұра өзендерінің үстінен өтетін екі үлкен көпір салды. Степняк қаласы мен Уәлиханов ауданы орталығы арасындағы жолға асфальт төселді. Кейін Балғожа ағаның кәсіпорны аудандық автокөлік жолымен біріктіріліп, соны басқарды. 1998 жылы Көкшетау қаласындағы «ДЭУ-55» кәсіпорнына жетекшілік етіп,  облыс орталығында да темір жол вокзалы мен «Көкшетау» мейманханасы маңайын абаттандыруға атсалысты. Сөйтіп, лайықты марапат өз иесін тапты.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар