Марапатпен марқайған күн

Өткен бейсенбі күні облыс әкімі Сергей Кулагин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан және тапсыруы бойынша бір топ мемлекеттік қызметшілерге салтанатты жағдайда «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

  Өңір басшысының қолынан осы награданы алғандардың қатарында облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, облыс әкімі аппаратының басшысы Мұратбек Тақамбаев және облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, аудандар мен қалалардың әкімдері бар.
Олардың ішінен Ақмола облысы бо-йынша әділет департаментінің басшысы Анатолий Дермановсийдің мерекелік медальға қоса, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің шешімімен «Қазақстанның құрметті заңгері» атағына ие болғанын, ал, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Александр Мартыненкоға зейнет жасына жетуіне байланысты облыс әкімінің құттықтау хаты тапсырылғанын ерекше атап өтуге болады. Өңір басшысы жиналғандар алдында Конституциямыздың 20 жылдық мерекесінің маңызды қырлары туралы айта келіп, марапатталғандарды наградаларымен құттықтап, алдағы уақытта да ел игілігі жолында қажыр-қайраттарын аянбайтындықтарына сенімін білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар