Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша биыл өңір бойынша 1118,4 мың тонна, яғни, біржылдық шөп қорын дайындау жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 1003,4 мың тонна шөп дайындалып, маяларға салынды.

Бұл – қолда бар мал үшін қажетті біржылдық шөп қорының 89,7 пайызы. Бүгінгі таңда Атбасар, Бұланды және Шортанды аудандарының пішеншілері  жоспарланған шөп қорын толық да-йындап үлгерсе, Жарқайың, Ақкөл және Жақсы аудандары бұл науқандық жұмысты аяқтауға жақын.
Жарқайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Октябрь Байегізовтің айтуынша, биылғы жылы жарқайыңдықтар 36,1 мың тонна шөп дайындауды жоспарлаған. Бүгінгі күні 35,7 мың тонна шөп маяларға салынды. Бұл қажетті мал азығының 99 пайызы. «Темірлан», «Отрадный АШК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің және «Азамат-4» шаруа қожалығының пішеншілері мал азығының біржылдық қорын дайындап үлгерді. Тамыз айының екінші жартысында шабылатын біржылдық және көпжылдық шөпті есепке алсақ, мал қыстатуға жемшөп қоры молынан жетеді деуге болады.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар