Меймандар Бурабайда болады

Бурабай ауданының прокуроры Дархан Аманбайдың төрағалығымен өткізген мәжілісте «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері  сөз болды. Шараға облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.

Щучинск-Бурабай курортты аймағында халықаралық көрмені өткізу уақытында туристердің көптеп келетіндігі, демалушылар қатарының көп болатыны белгілі. Міне, осыған орай, курортты аймақтағы табиғат тазалығын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Осы орайда, аудан прокуратурасының атсалысуымен «ЕХРО-2017 – Қауіпсіз Бурабай» бағдарламасы дайындалды. «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге орай,  Бурабай аймағына келетін  қонақтар мен туристердің саны миллионнан асады деп күтілуде.  Қонақтар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылатын қажетті шаралардың бәрі аталмыш бағдарламада қамтылған. Оның ішінде,  жол көрсететін бағыттарды құру, жол көрсеткіштерді және бильбордтарды орнату, еріктілердің қызметін ұйымдастыру, полиция жасақтарын күшейту, қонақүйлер мен тамақтанатын орындардың санитарлық жағдайының талапқа сай болуын қадағалау сияқты  шаралар қамтылған.                   
Мәжілісте бағдарламаның орындалу жайы талқыланып, ескертпелер мен ұсыныстар негізінде шешім қабылданды.         

Облыстық прокуратураның
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар