Мектеп мерейі

Мектеп оқушыларын ұйымшылдық пен бірлікке тәрбиелеу мақсатында Ерейментау ауданында өткізілген І аудандық «Күз мерекесі-2017» байқауында Новокаменка негізгі мектебінің ұжымы бас жүлдені жеңіп алды.

Өз басым алғашқы ұстаздық жолымды 2010 жылы Новокаменка негізгі мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастадым. Екінші санаттағы мұғаліммін. Бос уақытымда әртүрлі шығармашылық жұмыстармен айналысып, оқушыларымды байқауларға дайындаймын. Олармен етене жақын араласып, достарындай сырласып кететінім де бар. Сондай бір шығармашылық жұмыстың жемісі болар, еңбегіміз еленіп, аудандық «Күз мерекесі-2017» байқауынан бас жүлдені ұтып алдық.
Осы орайда, аталмыш байқауды ұйымдастырған аудандық білім бөлімінің әдіскері Сырым Ерболұлына, мектеп директоры Нұрбахыт Әскерұлына, тәрбие ісінің меңгерушісі Айман Әлібекқызына, оқу ісінің меңгерушісі Мизамхан Нұрболат пен барлық әріптестеріме алғысымды білдіремін. Сайыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып әрі тартысты өтті, себебі, аудан бойынша 21 мектептен үздік шыққан командалар бар өнерін ортаға салды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», – демекші бұл жеңіс ұжымның ауызбіршілігінің жемісі деп ойлаймын. Сән көрсетілімі аталымы бойынша өзіміз тіккен сахналық киімдерге әділқазылар мен халық дән разы болды.
Бұл фотосуретті
басқа да әріптестеріміз үлгі ретінде қолданып, бір қажетіне жаратар деген оймен жолдап отырмын. Барлығы қолданбалы материал-
дардан, яғни, пакеттерден, ойын карталарынан, ақша купондарынан, түрлі-түсті қағаздан, түймелер мен дискілерден жасалған.

Айнұр ЖАЗЕН,
Новокаменка негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
Ерейментау ауданы.

Суретте: байқауға қатысушылар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар