«Менің Отаным»

 

Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына  арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік-өлкетанымдық экспедициялық жасақтардың республикалық слеті болып өтті.

 

Іс-шараның мақсаты  қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Сондай-ақ, экспедициялық штабтардың және жасақтардың туристік-өлкетанымдық қызметін жандандырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Осы слетке республика бойынша 15 құрама команда қатысып,  Көкшетау қаласынан №13 «Экос» мектеп-гимназиясы, №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназия-сы, № 21 орта мектебінің құрама командалары бақтарын сынады.
Слетке қатысқан 150 бала үш күн бойы экскурсиялық бағдарлаудан,  тауға өрмелеуден және «Омпы», «Городок» ойын түрлері бойынша  өзара сынға түсті. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрге негізделген шығармашылық жобаларын қорғады. Тағы бір айта кетерлігі береке-бірліктің ұйытқысы ретінде Қазақстан халқының достығы да слетке арқау болды.  Осы орайда, көкшетаулық командалардың ішінде №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушысы Темірлан Мұқанов ептілік танытып, алғы лектен көрінді.   
Шара соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталса, қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Командалардың жетекшілері де Алғыс хаттарға ие болды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар