Ментальді математиканың мықтылары Түркияда өткен халықаралық олимпиадада топ жарды

Таяуда Түркияда ментальді математикадан халықаралық олимпиада өткізілген болатын.

Төрткүл дүниені елеңдеткен дүбірлі додаға Ресей, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Болгарияның жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған кіл мықтылары қатысты. Осы бір өзгеше өнердің өрендері бойларындағы табиғи дарын-қабілеттерін таразы басына тартқан тартысты сайысқа Көкшетау қаласының «Білім әлемі» орталығының шәкірттері де қатысты.
Бір қуаныштысы, Көкшетаудан барған оқушылардың қадамдары сәтті болды. №19 орта мектептің 4 сынып оқушысы Сейілхан Қоқышев Гран-при жүлдесіне ие болса, Аружан Шолпанқұлова, Жанасыл Қайыргелді, Медина Котырева, Шыңғыс Әлқожа, Ерік Серіктер бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, алты оқушы екінші орыннан көрінсе, 10 оқушы үшінші орынға қол жеткізді. Жарты әлем қатысқан байрақты бәсекеде осындай нәтиже көрсету зор қуаныш.

«Арқа ажарының»  өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар