«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.

Отан отбасынан басталады

 

Байқау қорытындысы бойынша Сандықтау ауданынан келген Прохоровтар, Шортанды ауданының Макер және Аршалы ауданының Биджиев отбасылары ынталандыру сыйлығына лайықты болды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова отбасы институтын нығайту бүгінгі заманның басты талабы екенін, отбасылық құндылықтарды сақтау қажеттігін баса айтып, байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.  Бірінші орын және 250 мың теңгенің сертификаты Целиноград ауданынан келген Қуандықовтар мен (суретте) Бұланды ауданының Қалиевтар отбасына бұйырды. Марлұға мен Жомарт Қуандықовтар 10 баланы дүниеге әкеліп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған берекелі отбасы. Қазір 19 немере мен 9 шөберелерін тәрбиелеп отыр. Отағасы Жомарт бірнеше медальдармен марапатталған. Ал, жұбайы Марлұға  батыр ана.   Бауырбек пен Сандуғаш Қалиевтардың алты баласы бар. Балалардың төртеуін асырап алып, бауырларына басқан. Ал, Зеренді ауданынан келген Баймахановтар отбасы екінші орынға лайықты деп танылса, үшінші орын Сандықтау ауданының Хамзатхановтар отбасына  бұйырды.    
Қазақстан Республикасы жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы енді облыстар бойынша бірінші орынды жеңіп алған отбасылар арасынан Бас жүлдегерді анықтайтын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар