Мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Елбасының  «Рақымшылық туралы» Жарлығы  шыққаны  белгілі.

Осы заңға сай кәмелеттік жасқа толмағандар, аяғы ауыр әйелдер, кәмелеттік жасқа толмаған баласы барлар, мүгедектер, қарт адамдар және жеңіл қылмыс жасағандар мерзімінен бұрын босатылады немесе жазасын өтеу мерзімі қысқартылады.
 Рақымшылық заңына сай ЕЦ-166/26 мекемесінде сотталғандарды бостандыққа дайындау жұмыстары жүргізілді. Заңға сай түзеу мекемесінде жазаларын өтеп жатқан 20 адам  бостандыққа шығарылды. Олар еліміздің әр аймағында, атап айтқанда Астана қаласында, Павлодар, Қостанай Шығыс Қазақстан және Ақмола облысында тұратындар.
Мекеме басшылығы бостандыққа шығарылған адамдардың  еңбекке орналасуына қатысты шаруаларды да естен шығарған жоқ.  Осы мақсатта заң шыққаннан кейін рақымшылыққа ілінетін азаматтардың тұрғылықты жерлеріндегі өкілетті органдарға хат жазылды.
Мекеме басшылығы рақымшылыққа ілінгендермен кездесіп, олардың болашақта дұрыс жолға түсіп, өмірден орындарын табуларына тілектестік білдірді. Мұндай мүмкіндіктің адамдарға бір-ақ рет берілетіндігін, соған орай алдағы уақытта заңсыздық әрекетті қайталамауларын ескертті.
Түзеу мекемесінен босап шыққандар үйлеріне жету үшін қажетті қаражатпен және азықпен қамтамасыз етілді.

Серік ШАЛОВ,
ЕЦ-166/26 мекемесі бастығының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар