Министрмен сұхбат

Қазақстан Республикасының  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасының «Ашық диалог» жобасы аясында өткен аптаның ең көп талқыланған мәселелеріне қатысты өз пікірін білдірді.

 

Қазақ тілінің мәртебесі артады Министр қазақ тіліне қатысты мәселелерді жариялау аясындағы отандық БАҚ-тың ұстанымына таңғалатындығын айтты.
«Қазақ тілі мен қазақ әдебиетіне қатысты барлық дүниелер әрдайым өткір болмақ. Білім және ғылым министрлігі барынша толық түсініктеме берді. Олар керісінше, сынақ тапсырудағы  қазақ тілінің рөлін күшейтті. Әзірге Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны екіге бөлді: мектепті бітіру емтихандары және ЖОО-ға түсу емтихандары. Мектеп бітіру емтихандарында қазақ тілі қалды және ол аттестатқа ықпал ететін болады. Мектеп бітірушілердің саны университетке түсетіндер санынан әлдеқайда көп, сондықтан, қазақ тілінің мәртебесі өседі», – деді министр.
Өткен аптадағы барлық ақпараттар ағынынан Дәурен Абаев алматылық Вячеслав Поповтың мәлімдемесін ерекше атап өтті. В.Попов Фейсбуктегі парақшасында жарты жылда қазақ тілін үйреніп алуға ниетті екенін жазды.
«Мен жеке өзім үшін Вячеслав Поповтың қазақ тілін үйрену туралы мәлімдемесін түртіп алдым. Бұл ұмтылысты үнемі бақылайтын боламын. Біздің қоғамда қазақ тілі оқытылмай жатыр деген мәселе қызу талқыға түседі, бірақ, азаматтардың қазақ тілін өз бетінше үйренуге жасаған ұмтылыстары көлеңкеде қала береді. Ақпарат және коммуникациялар министрі ретінде бұл мәселе мені таңғалдырды», – деді министр.
Дәурен Абаев азаматтық авиация мәселелерін «басты назарға алуға» уәде берді
«Біздің азаматтық авиацияға деген жұртшылықтың қызығушылығы түсінікті, себебі, мәселе қауіпсіздік жайында. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына нақты ақпарат берілетін болады. Қазірдің өзінде ұшу экипажы қатаң түрде нұсқаулықпен әрекет етіп, жолаушылар үшін қауіпті азайтып отыр», –  деп атап өтті Дәурен Абаев.
Ведомство басшысы әңгіме жүйелік ақауда деп санамайды, өйткені, үш ұшақ  үш түрлі үлгіде.
«Мемлекет халықаралық авиажелілерде де, азаматтық желілерде де қауіпсіздікке баса  назар аударады. Азаматтық авиацияда ұшырылым қауіпсіздігінің тұтас бағдарламасы бар. Үкімет пен Азаматтық авиация комитеті азаматтық авиацияның халықаралық ұйымымен тығыз жұмыс істеуде. Қазақстан бұл ұйымның барлық қажетті нұсқаулықтары мен қажетті нұсқамаларын орындауда», –  деді министр.
Ағымдағы жылы екі арнайы ХҚКО ашылады
Жыл аяғына дейін Қазақстанда екі жаңа арнайы ХҚКО ашылады. Бұл туралы «Хабар» арнасында «Ашық диалог» тележобасында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.
«Арнайы ХҚКО-ларда біз 700 мыңға жуық жүргізуші куәлігін бердік. 3,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсеттік. Біз барлығын автоматтандырдық. Арнайы ХҚКО  салдық. Өкінішке орай, қазір мұндай арнайы ХҚКО-лар барлық жерде емес, 12 қалада жұмыс істейді. Қазір осы үрдісті жалғастырып жатырмыз. Жыл аяғына дейін тағы екеуін іске қосамыз деп ойлаймын», –  деді министр. Сондай-ақ, Дәурен Абаев «ерекше» нөмірлер жайында айтты. «Бүгінде мемлекеттік қазынаға мұндай нөмірлер есебінен шамамен 5,3 миллиард теңге түсті», –  деп сөзін түйіндеді ол.
«Ел Арна» телеарнасы нон стоп режимінде жұмыс істейді
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жаңа «Ел Арна» телеарнасының іске қосылғандығы жөнінде айтты.
«27 наурызда біз жаңа телеарнаны іске қостық. Ол отандық режиссерлердің көркем және деректі фильмдерін, сериалдарын жариялап отыратын болады. Тек қазақстандық туындылар. Соңғы жылдары өзіміздің режиссерлер түсірген төл туындылардың көбейіп келе жатқаны аян. Біздің мақсатымыз – сол фильмдердің көрерменге барынша қолжетімді болуына, оларға сұраныстың ұлғаюына ықпал ету, қазақстандық киноөнімдердің саны мен сапасының артуына қолдау көрсету», – деді «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» жобасы аясында министр.
17 наурызда «Тұмар» телевизиялық бәйгесі өткізілгені  туралы айта келе, Дәурен Абаев, – оның отандық  тележурналистерді мадақтауға арналғандығын атап өтті.
«Бұл олар үшін өте жақсы серпіліс болды деп ойлаймын. Онда олардың жұмысына абсолютті білікті қазылар қазылық етті, оның құрамын біз жариялаған болатынбыз. Қазылар алқасының құрамында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен бірде-бір қызметкер жоқ. Бұл тәуелсіз қазылар өздігімен Қазақстандағы ең үздік телеарна журналисін анықтады. Сонымен бірге, аймақтардың да жобалары қаралды», – деді Дәурен Абаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар