Өмірге іңкәрліктің бір зейнеті

«Қазақ соқырлар қоғамы» облыстық қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорнында Қазақ хандығының  550 жылдығы мен ел Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік шара болып өтті.

Бұл басқосуға Солтүстік Қазақстан облыстық зағиптар қоғамының өкілдері келіп, ән-биден шашу шашты. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ, дойбы мен шахматтан ақмолалықтармен өзара бәсекеге түсті. Осы орайда, сөз алған «Қызылжар» корпоративтік қорының президенті Айнагүл Оразбаева  зағип жандар арасындағы спорт пен көркемөнерпаздар сайыстарының оларды көпшілік ортаға бейімдеудегі маңызына тоқталып, жиналғандарды Ата Заң мерекесімен құттықтады.
Шараға арнайы келген Қазақ соқырлар қоғамы президентінің міндетін атқарушы Шыңғыс Зейіргелдіұлы Көкшетаудағы филиал төрағасы Дүйсебай Әкішевке  «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалін табыс етті.  Марапатталушы өз кезегінде Президент Жарлығымен берілген бұл мемлекеттік награданың оған зор жауапкершілік жүктейтіндігін айтты. Шара соңында спорттық сайыстардың қорытындылары шығарылып, жүлдегерлер марапатталды.
«Арқа ажарының»
өз ақпарты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар