«Н.З.Нығматулинді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын.
 
 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
 
 Астана, Ақорда, 2015 жылғы  4 мамыр № 9.

«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» Жарлық

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков  –  Астана қаласының әкімі;
Ахметжан Смағұлұлы Есімов  –  Алматы қаласының әкімі;
Сергей Витальевич Кулагин –  Ақмола облысының әкімі;
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов  –  Ақтөбе облысының әкімі;
Амандық Ғаббасұлы Баталов  –  Алматы облысының әкімі;
Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов  –  Атырау облысының әкімі;
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев  –  Батыс Қазақстан облысының әкімі;
Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев  –  Жамбыл облысының әкімі;
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков  –  Қарағанды облысының әкімі;
Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов  –  Қостанай облысының әкімі;
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев  –  Қызылорда облысының әкімі;
Алик Серікұлы Айдарбаев  –  Маңғыстау облысының әкімі;
Асқар Исабекұлы Мырзахметов  –  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев  –  Павлодар облысының әкімі;
Ерік Хамзаұлы Сұлтанов  –  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Даниал Кенжетайұлы Ахметов  –  Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаев.
 
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 мамыр  № 8.

«Н. Әбіқаевты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

 Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын.

 Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев.

 Астана, Ақорда, 2015 жылғы   4  мамыр №10.

«А.Ж.Күреңбековті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Амантай Жанкеұлы Күреңбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын.

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
 
 Астана, Ақорда, 2015 жылғы  4 мамыр №11.

«А.А. Бисембаевты Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметіне тағайындау туралы» Жарлық
 
Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалсын.
 
Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев.
 
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 мамыр №12.

«Ғ.Ж.Байжановты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын.
 
 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
 
 Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 мамыр №13.

«Қ.П.Қожамжаровты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы» Жарлық
 
Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
 
 Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 мамыр №14.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар