Наурыз-көрісу

Көрісу – Батыс Қазақстан аймағында ғана сақталған ежелгі дәстүр. Жаңа жылды қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Өйткені,  көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.

Көрісу айты. Ежелден келе жатқан мереке көп жерлерде ұмыт қалған. Тек еліміздің батыс аймақтары мен Ресейдің Саратов, Астрахан облыстарының қазақтары арасында сақталып отыр.
«Көрісу кү-ніне» телініп жүрген мына ғұрыптың бәрі кәдімгі наурызнама жоралғылары болып табылады.
Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз алты ай қыстан  аман-есен шығып, көктемге иек артқан шақта  ағайынды іздеп барып, амандық сұрасады. Төс қағыстырып, «Бір жас қосуыңмен», «Жас құтты болсын!» деген тілектер айтады.
Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін наурыз көжеге шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.
Көрісу –  тек адам-дардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Қариялардың айтуынша, бұл күні реніште жүрген жандар бас араздығын ұмытып, татуласады. Сондықтан, көрісу айты – ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекіте түсетін дәстүр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар