Құнды ақпарат алды

Облыс орталығындағы «Тыныс» акционерлік қоғамында облыстық әділет департаментінің мамандары «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

Шара барысында  департамент мамандары атқарушылық іс жүргізу, азаматтық хал-актілерін, жылжымайтын мүлікті, нотариаттық қызметтерді тіркеу тәртібі мен мерзімі туралы және әділет органдарының басқа да бағыттар бойынша қызметіне қатысты ақпараттар ұсынып, еңбек ұжымы өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Сондай-ақ, шара барысында қатысушыларға дүниежүзі экономикалық форумының бәсекеге қабілетті жаһандық индексі көрсеткішін жақсарту жөніндегі кітапшалар таратылып берілді.
Акция барысында кәсіпорын жұмысшылары әділет қызметіне байланысты көптеген құнды ақпараттар мен кеңестер алды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар