Өнерлерімен сүйсіндірген

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай,  Достық үйінде «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сұлулық әлемді құтқарады» атты  көрме өткізілді.

Көрмеге жергілікті қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылған. Бисер, маталардан және жіптерден жасалынған  әсем табиғат, портретті бейнелер мен үй жануарларының  суреттері  көрермендерді бейжай қалдырмады.
Туындылары көрмеден орын алған Татьяна Бурыкина  қолөнермен он үш жасынан бастап айналыса бастаған екен.  Кішкентай күнінен осы өнерге ынтасы болса да, өз жолын  ұстаздық қызметтен тауыпты.  Алайда, қолы қалт еткенде қолөнермен әлі күнге дейін айналысып, рухани ләззат алады. Оның айтуынша, қолөнермен айналысатын  жандардың бойында шыдамдылық, еңбекқорлық  қасиеттер жиі байқалады. Сол себепті, ол әсіресе, қыздарға осы іспен айналысуға кеңес береді.
«Қоғамдық келісім» мекемесі  жетекшісінің орынбасары Манат Смағұлов   көрмедегі әр суретке тоқталып, оның мәні мен мазмұнына және тақырыптың жан-жақты ашыл-уына түсінік берді. Өңірімізде  осындай шеберлердің  бар екендігін  мақтанышпен атап өтіп, оны дамыту қажеттігіне тоқталды.
Өнерлерімен жұртшылықты  сүйсіндірген  ісмерлер дипломдармен марапатталды. Шара соңы өнерпаздар-дың концерттік бағдарламасымен жалғасты.  

Назгүл Пабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар