Өнім көлемі ұлғаюда

«СП SARECO» компаниясы жыл аяғына дейін толық қуатында жұмыс істейтін болады.

Сирек кездесетін металдар қоспасын өндіретін кәсіпорын ағымдағы жылдың нау-рыз айында іске қосылған болатын. Жақында кәсіпорынның айлық қуаты 11 тонна TREO-ға (сирек кездесетін металл оксиді көлемі) шығу қамтамасыз етілді. Алдағы желтоқсан айында толық қуаты 86 тонна TREO-ға жеткізу көзделген. Кәсіпорын басшысы Эшмурат Пирматовтың сөзінше, қазіргі кезге дейін  14,9 мың келі сирек кездесетін металл оксиді өндірілді. Жалпы, болжам бойынша ағымдағы жылы 78 тонна өнім шығарылмақшы.
Айталық, 2015 жылдың тамыз айынан бас-тап, «Сумитомо» компаниясының акциясын қазақстандық «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы сатып алған еді. Қазіргі кезде аталмыш компанияның 100 пайыз үлеспен жобаға қолдау білдіріп, оның одан әрі іске асырылуына үлес қосуға мүмкіндігі бар.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының шешімімен кәсіпорынның жаңа бизнес жоспары мақұлданды. Осыған орай, 2016  жылы бірқатар шаралар қолға алынып, сирек кездесетін металл өндірісі кешенінің өндірістік жағдайына техникалық аудит жүргізілді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына мамандар тартылып, жылу-энерго ресурстарын жеткізу қамтамасыз етілді.
Бүгінгі таңда кәсіпорынға 145 адам жұмысқа орналасып отыр. Олардың орташа айлығы 184,1 мың теңгені құрайды. Жыл соңына дейін жұмысшылар санын тағы 105 адамға ұлғайту жоспарланған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар