Оқиға. Жаңалық. Хабар.

Иранның оңтүстігінде жер сілкінді

Иранның оңтүстігінде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісінен 4 адам  қаза тауып, 4 адам жарақат алды.

Зілзала кіндігі Фарс  провинциясындағы Хондж қаласы маңындағы елді мекенде орналасқан. Қаза тапқандар – шетелдіктер. Алдын ала болжам бойынша олар жергілікті фермаларда жұмыс істейтін Ауғанстан азаматтары болуы мүмкін.

Қазақстанның бастамасына қолдау білдірді

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирия бойынша келіссөздерді Астанада өткізу
бастамасын қолдады.

«Біз Астанада өтетін кездесу алдағы күнге жасалған зор қадам болады деген ойдамыз, әрине, егер ол өтетін болса, көзқарастардың өзгеруімен Сирияда болып жатқан жағдайларды ескергенде кездесуге қатысты күдік те жоқ емес», – деді ол
Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында.
Астанада кездесу 23 қаңтар күні жоспарлануда.

“ЭКСПО”-ның туристік тізімінде

Инвестициялар және даму министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі
«ЭКСПО-2017» көрмесіне келетін қонақтарға арналған туристік бағыттардың тізімін бекітті.

Оған Ақмола облысынан Астана – Бурабай курорттық аймағы бойынша экскурсия, «Бурабай – Қазақстанның інжуі», «Нұра өзеніндегі рафтинг», «Қорғалжын» экологиялық маршруты сияқты бірнеше туристік іс-шаралар мен бағыттар кірді.

26-ыншы орында

Туристер 2017 жылы міндетті түрде саяхаттап баруы тиіс мемлекеттердің ішінде Қазақстан да бар.

Белгілі америкалық  The New York Times газеті жариялаған тізім 52 орыннан тұрады, соның ішінде Қазақстан 26-ыншы орынға жайғасқан. Еліміздің бұл тізімге енуіне «ЭКСПО-2017» көрмесі себеп болған.   Газеттің жасаған рейтингісінде бірінші орында Канада, екінші және үшінші орындарда Чили мен Үндістан тұр.

Мұсылман саяхатшылар қатары көп

Туризмге жауапты бүкіләлемдік мұсылмандар индексі ұйымы мұсылман туристер саяхаттап баратын үздік елдердің тізімін жариялады.  

Бұл тізімнің басында Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркия тұр. Санақ
бойынша мұсылман саяхатшылар әлемдегі барлық саяхатшылардың 10 пайызын немесе 117 миллион адамды құрайды. Олардың Еуропа мен Азиядағы үлес салмағы 87 пайыз.  

ҰБТ өзгереді

Биылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгереді.

Бұдан былай барлық мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға міндеттелмейді. Тек жоғары оқу орнына түскісі келетіндер ғана сынақ тапсырады. Ал, колледжге түсетін оқушылар мектепте емтихан тапсырып, аттестат алады. Дегенмен, колледж студентінің де кешенді тесттен сүрінбей өтіп, университетке түсуге мүмкіндігі бар.
Қазақпарат және Bag.kz сайттарынан алынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар