Оқушылар дайындаған жобаларын қорғады

Аудан орталығындағы  №3 орта мектеп оқушылары арасында  «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»  тақырыбында ғылыми жобалар байқауы болып өтті.

Мектеп оқушылары жаратылыстану, география, математика, физика, химия пәндері бойынша  түрлі тақырыптарды алып,  белгілі бір уақыт ішінде зерттеп, зерделеп болған соң, байқауға қатысады.
10 сынып оқушысы Жаңылсын Төлеген математика пәні бойынша  «Жылдам есептеу жолдары» тақырыбында  өз жобасын   қорғады. Ол жылдам есептеудің ең оңай жолдарын көрсетіп, болашақта барлық оқушылардың осы әдісті меңгеріп алғаны пайдалы әрі тиімді болатынын айтып өтті.  Ал,  Әсемгүл Дүмбаева информатика пәні бойынша  ғылыми жұмыс жазып,  «Microsoft Еxcel»  бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерін пайдалану жайында  мол мағлұмат берді.  9 сынып оқушысы Кәмшат Акрамашова «Квадрат теңдеулерді  шешу» тақырыбын зерттеді. Ғылыми жұмысқа қатысқан оқушылардың көбі жаратылыс-тану пәндері бойынша өз мүмкіндіктерін көрсете білді.  Бұл жай  оқушылардың елімізде техникалық мамандықтарға басымдылық беріп жатқанын аңғарғандықтан болар.

Құралай ЖЕКСЕНОВА.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар