Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапары шеңберінде Целиноград, Астрахан, Егіндікөл және Бұланды аудандарында болып, көктемгі су тасқынына қарсы шаралардың барысымен танысты.

Қамданған қапы қалмайды

Өңір басшысы алдымен Целиноград ауданына қарасты Талапкер селосында болып, Есіл өзеніндегі еріген суды кедергісіз өткізетін жаңа инженерлік құрылғылардың мүмкіндігін екшеп, сараптады. Облыс әкіміне ауданда өткен жылдың жазғы және күзгі маусымы кезінде қажетті шаралардың кешенді жоспары қолға алынғандығы туралы хабардар етілді. Ақмол, Жаңажол, Бірлік, Отаутөскен, Қараөткел елді мекендерінің маңындағы бөгеттер биіктетіліп, мықтап бекітілген. Аудандық бюджеттен төтенше жағдайларды ескерту бағдарламасына сәйкес 18,68 миллион теңге қаржы бөлінген. Оған қоса көлемі 40 миллион теңгені құрайтын қосымша қор бар.
Мамандардың есептеуіне қарағанда, үстіміздегі жылы Целиноград ауданына 200 мың текше метрден астам қар түскен. Қар тазалауға бюджеттен 42,5 миллион теңге қаржы бөлінген. Күні бүгінге дейін 75 мың текше метр қар сыртқа шығарылды. 86 су өткізетін құрылғының 44-і тазаланды. Өңір басшысы бұл жұмыстарды наурыз айының 15-20-ына дейін толық аяқтау туралы тапсырма берді.
Облыс әкімі Нұра және Есіл өзеніндегі судың деңгейін бақылайтын гидробекеттерде болды. Бұл жерде өзен аңғарындағы мұзды жарып, ұсақтау жоспарлануда. Нұра өзенінің аңғарында жарылуға тиісті мұз көлемі 1500 шаршы метрді құрайды.
Астрахан ауданындағы елді мекендердегі қардың қалыңдығы 400-450 миллиметр. Ягодное, Жаңа және Ескі Колутон, Зеленое елді мекендерінде су тасқыны болуы ықтимал. Өңір басшысы елді мекендерді қардан тазалау жұмыстарын ширатуды тапсырды. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда тұрғындарды көшіріп, мал-мүлікті орналастыратын орын да дайындап қойған жөн.
Осындай тапсырмалар Бұланды және Егіндікөл аудандарының басшыларына да жүктелді. Өз кезегінде өңір басшысы таяу арада облыс аумағын ұшып өтіп, қардың қалыңдығы мен өзен аңғарларын сараптайтындығын айтып өтті.         
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар