Облыс әкімі Сергей Кулагиннің құттықтауы 1 мамыр

Құрметті ақмолалықтар!  Құрметті жерлестер!
Баршаңызды тәуелсіз еліміздің күнтізбесіндегі  айшықты оқиға – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз бұл мейрамды Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі жылы қарсы алғалы отырмыз. Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында  сөйлеген сөзінде: «Бұл жиырма жыл біздің еліміздің бүгінгі жетістіктерімен мақтанып, толайым табыстарға марқаятын даму мен достықтың мерейлі  жылдары болды» деп атап көрсеткен еді.  
Қазақ халқы өзінің көп ғасырлы тарихында барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп, тұтастық пен мемлекеттілікті нығайтуға мақсат ұстанып келеді. Бүгінгі ел халқының бірлігі күні біздің тарихымызда ыждаһатпен аталып, берік дәстүрге айналған қасиетті мереке болып отыр. Өйткені, бейбітшілік пен тұрақтылық басты байлығымыз бен жетістігіміз болып табылады. Әр ұлт пен ұлыстың тілін, дәстүрін құрметтейтін қазақ елі әлемдік өркениетке бейбітсүйгіш ел ретінде енді.
Қазір тұрақтылығы сақталып, бірлігі бекем болған елімізде барлық ұлт өкілдері өз мәдениетін дамытып, тілін өркендетіп, салт-дәстүрін сақтауға мүмкіндік алды. Осының арқасында достықтың шырайы келіп, ынтымақтың жарасым тапқаны елдің өсіп-өркендеуінің негізін қалайды. Әсіресе, жиырма жылдық тарихы бар Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының ұлттық бірлігімізді нығайтуға қосқан үлесі зор.
Бүгінде біздің облысымызда 105 ұлт мен ұлыстың өкілдері өмір сүріп жатыр. Бұл өңір қаншама дәстүрлер мен діндердің алтын арқау бесігіне айналған жер. Біздер өз ішіміздегі саяси тұрақтылықты сақтай отырып, экономикамызды да, әлеуметтік саланы да қарышты дамытуға ден қойдық. Бұл қарапайым адамдардың әл-ауқатын жақсартуға да септігін тигізеді.  Ертеңгі күнімізге деген сенімімізді де нықтай түседі.
Кеше ғана өткен Қазақстан Республикасы  Президентінің кезектен тыс сайлауында да біз Елбасының маңайына топтасқанымызды айғақтадық. Біздің болашағымыз оның  игі
бастамаларымен астасып жатыр. Мәңгілік ел болу идеясының астарында да ынтымақты нығайтып, бірлігімізді сақтай отырып, биік белестерді алу мақсаты тұр. Осы құндылықтар сайлау күндері де әр тұрғынның жүрегінде сақталып, олар өздерінің таңдауларын жасады. Өйткені, Тұңғыш Президентіміз – біздің еліміздің берік кепілі, дамуының негізгі тірегі болмақ. Сондықтан, мемлекетіміздің  алдағы жылдарға жасаған стратегиялық жоспарларын барлығымыз бір кісідей жүзеге асыруымыз аса қажет. Бұл елдіктің бір айшықты көрінісі. Өз елін шынайы сүйетін әр азамат қашан да асқақ істерге жанашыр болмақ.
Құрметті жерлестерім, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болып, әл-ауқатымыз да жақсарып, еліміз де гүлденіп өсе берсін дегім келеді. 

 

 

Ардақты ақмолалықтар!
Қазақстан халқының бірлігі күнімен ізгі ниетті  құттықтауымды қабыл алыңыздар!  Осы бірлік пен ынтымақ біздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қол жеткізген баға жетпес игілігіміз болып табылады.  
   Ұлт Көшбасшысы  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында  сөйлеген сөзінде «Республика тағдырын біздер, қазақстандықтар өз қолымызға алдық! Сөйтіп, бүгінде бүкіл әлем санасатын мемлекет құрдық», – деп атап өткен еді.
Бұл толайым табыстарға жетуге ақмолалықтардың да қосқан үлесі орасан. Біздің облысымызда экономиканың сан саласы өркендеп келеді. Өңірімізді  мекен еткен барлық ұлт өкілдері өз дәстүрлерін, салты мен мәдениетін сақтауға мол мүмкіндік алды. Ол − ертеңгі күнге деген біздің сеніміміздің негізі.  
Осы көктемнің мерекелі күні Сіздерге ұзақ өмір, зор денсаулық, жақын-туысқандарыңызға әл-ауқат, барлық ізгі тілектердің орындалуын тілеймін!   Біздің ортақ Отанымызда достық  туы мәңгі желбірей берсін.
Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

Қадірлі жерлестер!
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси кеңесі сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды! Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Халықтар достығының бесігіне айналған көпұлтты Қазақстанның жолы – тұрақтылық, жаңару, өркендеу. Жаңа Қазақстандағы  жасампаз істерді барша әлем танып отыр. Осыған орай Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы  Н.Ә. Назарбаевтың сарабдал саясаты барлық ұлт пен ұлысты татулықта өмір сүруге үндеуде.  
Құрметті жерлестер! Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, отбасылық бақыт, игілік, табыс тілейміз! Көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі арта берсін!

«Нұр Отан» партиясы Ақмола
облыстық филиалының Саяси кеңесі.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Баршаңызды Қазақстан халқы бірлігі күнімен  құттықтаймыз. Биыл бұл мереке  Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның жуырда болып өткен  ХХII сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы  ел бірлігін нығайту жолында белсенді жұмыстар атқарып отырғандығын айрықша  атап көрсетті. Барлық қазақстандықтар кешегі президенттік  сайлауда зор қолдау мен сенім көрсетіп, ел тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап, Қазақстанды мекендеп отырған барлық ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы мен бірлігін жарастырып,  бір мақсат, бір ниетке жұмылдыра біліп, Қазақстанды әлемдік дамудың биік деңгейіне көтерген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қайрадан өз Президенті етіп сайлап алуының түпкі мәнін ел бірлігі мен халқымыздың ынтымағы, олардың ел болашағына асқан жауапкершілікпен қарағандықтары деп бағалауға болады.
Бұл күндері көпұлтты Қазақстан халқы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолда-уында алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға  ұйымшылдықпен жұмылып, жақсы табыстарға қол жеткізуде. Бүгінгідей тарихи сәтте еліміздің бірлігі мен ынтымағын,  қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға қызмет жасау біздің әрқайсымыздың абыройлы борышымыз болып саналады.
Тәуелсіз еліміздің  өсіп өркендеуі мен нығаюына зор үлес қосып келе жатқан  барша ақмолалықтарды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтай отырып, Сіздерге  зор денсаулық, отбасының аманшылығын, еліміздің тыныштығын тілейміз.

Рәшит Әкімов,
Жабал Ерғалиев,
Қазақстан Республикасы Парламенті  Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар