Облыс орталығының іргесінде тұрғанымен

Көкшетау қаласының іргесіндегі Станционный кентінде екі мыңнан астам адам  тұрады. Халық көп шоғырланған бұл елді мекенде шешімін таппаған әлеуметтік мәселелер де аз емес. Тұрғындарды алдымен медицина, жол және автобус қатынасы  мәселесі толғандырады.

Облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетов және Көкшетау қалалық  мәслихатының  депутаты Арғын Аузаров  өткізген кездесуге 20-дан астам кент  тұрғындары  жеке мәселелері бойынша келді. Оларды негізінен елді мекенді  абаттандыру, жолдың жөнделуі мен медицина саласының мәселелері толғандырады екен.
«Станционный кенті облыс орталығының іргесінде орналасқанымен, тұрғындардың дәрігерге   қаралуы  қиын болып тұр.  Екі мыңнан астам тұрғынға жалғыз медицина пункті қызмет көрсетеді. Мамандар  жетіспейді. Бізге отбасылық-дәрігерлік амбулатория қажет», – дейді кент тұрғыны Людмила  Бирюкова.
Жұртшылықты толғандыратын тағы бір өзекті мәселе – автобус бағыттарының  жетіспеушілігі болып тұр. Кент тұрғындарының   дені Көкшетауда жұмыс істейді. Студенттер де көп. Олар  автобус-пен қатынайды. Сирек жүретін автобус көпшілік сұранысын қанағаттандыра алмайды. Кездесуге келгендер мұң-мұқтаждары нақты шешімін табар деген үмітте.  Ал, халық қалаулылары болса өз кезегінде аталған мәселелерді ерекше бақылауға алатындықтарын айтып, уәде берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар