Облыстағы еңбек нарығы

2017 жылдың ІІ тоқсанында халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша Ақмола облысының жұмыс күшінің саны 430,4 мың адамды құрады.

Бұны 2016 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 0,5 пайызға азайды. Жалпы халық санындағы 15 жастағы ерлердің  және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің үлесі 81,5 пайызды, әйелдердің үлесі 73,2 пайызды құрады.
Облыстағы жұмыс күшінің жалпы санының ішінде экономика саласында 410 мың адам жұмыспен қамтылған, 2016 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 0,3 пайызға азайды. Жалпы жұмыспен қамтылған халық санында ер адамдар саны 203,8 мың адамды немесе 49,7 пайызды, әйелдер саны 206,2 мың адамды немесе 50,3 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылған халық құрамының 66 пайызын кәсіпорындар мен ұйымдарда жалданып жұмыс істеушілер құрайды, 34 пайызы өздігімен жұмыспен қамтылғандар санатына жатады.
2017 жылдың ІІ тоқсанында жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,2 мың адам немесе 18,6 пайызы өнеркәсіп пен құрылыста, 129,6 мың адам немесе 31,6 пайызы ауыл, орман және балық шаруашылықтарында, 204,2 мың адам немесе 49,8 пайызы қызмет саласында еңбек атқарды. Осы тоқсанда жұмыссыздар саны 20,4 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 4,2 пайызға кем. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады.
Облыстық статистика департаментінің  баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар