Ойнамайтын бала жоқ…

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деген өлең жолдарынан ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы мүмкін еместігін түсінуге болады. Ойын – бала үшін кең дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспетті.

 

Себебі, ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған орта туралы түсінік алады. Халық педагогтары: «Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ол баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы таным-түсінігінің кеңеюіне, тілінің дамуына зор ықпал етеді» дейді.   
Ойын ойнау арқылы бала жаңа ортаға тезірек бейімделмек. Ой – ойыннан басталады демекші, баланың ойын жетілдіруге, сабаққа қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру үшін ойын түрінде белгілі бір әдісі болу керек. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойнатып отырып, сабақ беру, ойын арқылы жаттығу жасату, сабақ арасында сергіту өткізу, грамматикалық, дидактикалық мақсаттағы және логикалық, үстел үсті, ұлттық, қимыл-қозғалыс ойындары сияқты басқа да ойын түрлерін қолдануға болады. Мұндай ойындардың барлығы балалардың жан-жақты дамып, білімді толық игерулеріне көмектеседі. Ойын ұйымдастырылған сабақ та жеңіл қабылданып, әрі тартымды және түсінікті болады.
Ойын сабақтары бүлдіршіндердің өздігімен жұмыс істеуіне, ойлау қабілеттерінің дами түсуіне жол ашады. Ойын ойнау арқылы балалардың достық сезімдері оянып, бір-біріне қамқорлығы артады, ұжымдық бірлігі нығаяды.
Осы айтылған ойындарды өз тәжірибемде күнделікті пайдаланып келемін. Менің шәкірттерім де ойын ойнағанды өте жақсы көреді. Әсіресе, сюжеттік-рөлдік және драматизацияланған ойындарды қызығушылықпен ойнайды.  
Ажар ШӘРІПОВА,
Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосы
№13  «Әмина» балабақшасының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар