Қолымыздан әбден келетін шаруа

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы шын мәнінде еліміздің даму бағытын тап басып айқындайтын айрықша маңызды құжат.

 

Бірден айта кетейін, Жолдау-да қойылып отырған міндеттердің барлығы қиял-ғажайып дүние емес, қолымыздан әбден келетін шаруа. Бірінші басымдылыққа ие болып отырған экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы соны серпін алуымыз үшін ауадай қажет. Әлем қазір экономикаларының байырғы құрылымдарын өзгертіп, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі салаларын жоғары сапамен дамыту үстінде. Сондықтан, біздің де замана көшіне ілескіміз келсе, кейіндеп қалып қоюға еш хақымыз жоқ. Цифрлық қызмет көрсету жүйесі бірқатар маңызды салалардың дамыған елдердің деңгейінде жұмыс істеуіне мүмкіндік берер еді. Мұның өзі шынтуайтында барлық салалардың заман талабына сай жаңарып, жаңғыруына жол ашады.
Экономиканы дамыту алдыңғы кезекте болуға тиіс. Ал, ол қалай дамиды деген мәселеге келетін болсақ, ендігі арада еңбектің өнімділігін арттыруға барынша мән беріліп отыр. Еңбек өнімділігінің артуы – түптеп келгенде өзіндік құнының азаюына, өнімнің молаюына септігін тигізеді. Ішкі қажеттілігімізді ғана қанағаттандырмай, сонымен бірге, экспорт мәселесін де мықтап қолға алған жөн. Шикізат өндіретін мемлекеттен әлем нарығында сапасы сын көтеретін өнім өндіретін мемлекетке айналу басты мұрат. Осы орайда, Үкіметке экспорт саласын дамытуға тапсырма беріліп отыр. Бизнес өкілдерімен біріге отырып, 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді міндеттеді. Оған қоса, сол жылға дейін шикізаттық емес экспортты екі есе көбейту қажеттігі тапсырылып отыр. Демек, тек қана шикізат өндіретін мемлекеттен өнім өндіретін мемлекетке айналудың алғышарттары жасалып жатыр деген сөз.   
Шағын және орта бизнесті дамыту нарық жағдайында жұмыс істейтін ел тіршілігінде айрықша маңызды сала деп атап көрсетсек артық болмас. Осы орайда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке серпін беру ел игілігін еселеуге ықпал етер еді.
Елбасының Жолдауында ел дамуы-на қатысты барлық мәселе қолмен қойғандай нақты көрсетіліп берілді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары осы Жолдауды халыққа ұғындыру мақсатында ел ішіне барып түсіндіру-насихаттау жұмыстарын өткізбек. Шараларды жүзеге асыру үшін заңнамалық жүйені жетілдіру міндеті де кезек күтпейтін ауқымды іс.
Еліміздің даму бағыты айқын, мұраты белгілі. Осы асқаралы міндеттерді барша ел болып қолдап, ел мұратын нысана етіп, аянбай еңбек етсек қана Елбасының өзі көрсетіп отырған биіктен табыламыз.

Меруерт ҚАЗБЕКОВА,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар