Он сегізінде от кешкен

Ұлы Жеңіс күні қар-саңында облыстық дін істері басқармасының басшысы Сәуле Ыбыраева және әртүрлі діни ұйымдар жетекшілері соғыс ардагері  Есқожа Итжановты  мерейлі мерекемен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыс етті.

Майдангер Есқожа Бегәліұлы Итжанов 1944 жылы он сегіз жасында соғысқа алынады.  Екінші Беларусь майданы құрамында қиян-кескі ұрыстарға қатысып, жаудың соңғы ошағы – Берлинді алуға атсалысады. Соғыс аяқталғасын, Польша жеріндегі әскери бөлімде өзінің қызметін елуінші жылдардың басына дейін атқарады. Елге оралғасын Зеренді ауданы шаруашылықтарында еселі еңбек етеді.
–Адам қартайған сайын құрметке де кенеледі екен. Мемлекетіміздің өз майдангерлерін осылай қадірлеп, қамқорлық жасап жатқаны жақсылықтың белгісі,–деді ол.
Біздің бақытты болашағымыз осындай жауынгер аталарымыздың өшпес ерлігі арқасында келді. Жауынгерлер рухы қашанда асқақтай беретін болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар