Орны бөлек ардақтылар

Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында жыл сайын әлем елдері 1 қазанда – қарттар күнін атап өтеді. Биыл еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл мерекені біздің қариялар да салтанатпен атап өтті.

«Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырылған салтанатты шараға жиналғандар ауқымы көп болды. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Әсемгүл Садыр облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың ардагерлерге арналған құттықтау хатын оқып берді. Астаналық облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлесін қосқан ардагерлердің еңбегі ешқашан ескерусіз, ұмыт қалмақ емес.
Мемлекет басшысының халықты әлеуметтік жағынан қорғау бағытындағы саясатының арқасында әлемді билеген дағдарысқа қарамастан, бұл салаға бөлінетін қаржы көлемі кеміген емес. Зейнетақы мен жәрдемақы жыл санап өсіп келеді. Бұның бәрі зейнеткерлерге жасалып отырған қамқорлық екені анық.
Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова салтанатқа жиналған ардагерлерге деген ақ тілегін айтып, оларға ұзақ өмір, мықты денсаулық тіледі. Бүгінгі таңда облысымызда қарттарға арналған он интернат жұмыс істейді.  Мемлекет қамқорлығына алынған бұл қарияларға барлық жағдайлар қарастырылған. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл да қарияларға деген жүрекжарды лебізін білдіріп, бүгінгі күні облысымызда 107843 зейнеткер бар екендігін, олар қоғамдық өмірден сырт қалмай, әрдайым түрлі шараларға белсене қатысып, өздерінің тәжірибесі мен білімін жастармен бөлісіп жүретіндігін атап өтті.
Бұдан кейін бір топ ардагерлерді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандардың арасында Бибігүл Жандаева, Бағила Қасенова, Николай Лихолад, Алтай Нұрғасымов сияқты еңбек ардагерлері болды. Сонымен бірге, біраз ардагерлер облыстық ардагерлер кеңесінің және облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиынның соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар