Ортақ іске ықпалы бар шара

«Нұр Отан»  партиясының  жанындағы «Жас Отан» жас-тар қанаты ұйымдастырған дөңгелек үстелде жыл басынан бері қолға алынған «Азаматтық қабылдау» жобасының қорытындылары шығарылды.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Жанаргүл Жүнісова  2016 жылдың тамыз айынан  бастап облыс тұрғындары үшін арнайы ашылған «Азаматтық қабылдау» қызметінің нәтижесі жайында баяндап берді. Жанаргүл Жүнісованың айтуынша, үстіміздегі жылы 150 азамат келіп өздерін толғандырып жүрген сұрақтар бойынша  мамандардан  кеңес алған. Кеңес алған адамдардың 98,7 пайызының мәселелері шешімін тапқан. Қабылдауға келген жастардың денін толғандыратын мәселе – жұмысқа орналасу жайы. Сонымен бірге, әлеуметтік және білім алуға байланысты сауалдар да болған. Мәселен,  азаматтық қабылдауға шағымданып келген екі жас  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ма-гистратурасына түскен уақытта жоғары бал жинағанмен, мемлекеттік грант ала алмай қалған. Қоғамдық қабылдау қызметінің араласуымен бұл мәселе өзінің шешімін тапты.
Жастар арасында жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында өткізілген бұл шара өз нәтижесін беруде.  Биылғы жылдың  тамыз айында сол кездегі облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің басшысы Қуаныш Жапақовтың және «Жас Отан» жастар қанаты белсенділерінің қатысуымен облыстың барлық
аудандары мен қалаларында өткен ақпараттық-насихат жұмыстары барысында 19 кездесу ұйымдасты-
рылып, 1,5 мыңдай адам қамтылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов  жастар арасында жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмыстарға
оң бағасын беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Назгүл РАБИЛОВА.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар