Ортақ мүдде де ескерілген

Бұл қаржы саласындағы оқиғаның елді елең еткізгені анық.

Соңғы жылдары әлемдік даму үдерісі дағдарысқа түсіп, оның қиындығы бүкіл елдерге тиіп жатқаны еш жасырын емес.
Мұны жақында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның іскер топтары өкілдерімен кездесуінде де айтты. Дағдарыс шикізаттық тауарлар, валюта және қаржы бағытында дендеп, дамушы елдердің өзін де есеңгіреткенін де тілге тиек етті.  Ал, Қазақстан мұндай сырттан төнген қатерден жалғыз-жарым құтыла алмайды. Бәрімен ортақ мүддеде болған да жөн сияқты.
Енді біздің елімізде жаңа өзгерістер болатыны сөзсіз. Ол қай тұрғыда өрбиді, мәселе сонда болып отыр. Еліміздің қаржы сарапшыларының айтуынша, шикізаттық экономикаға негізделген еліміз өз өндірісін қорғауға мүмкіндік алады. Мұның да астары бар шығар. Өйткені, соңғы жылдары біздің өндірісшілеріміздің бәсекеге қабілеті ішінара төмендегені еш жасырын емес еді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бұл Қазақстанға ғана емес, барша әлемге өзінің қиындығын әкелген дағдарыс екенін атап көрсетті. Ендеше, бізге де жаңаша серпіліс жасап, дағдарысты пайдаланып, өмірдің талабына сай бейімді саланы дамытуға ден қойған жөн  шығар. Не десек те, қиындық алдымызды орайтыны анық. Оған барлығымыз бір кісідей үн қосып, ортақ мүддеге жұмылсақ, алынбайтын қамал жоқ дер едім.
Мақсат ҚҰЛЫБЕКОВ,
экономика ғылымдарының кандидаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар