Орынды құрмет

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Шара барысында облыс орталығындағы бірқатар колледждер мен мектеп оқушылары майдангерлердің үйлеріне барып, көңілдерін сұрап қайтты. Әсіресе, облыс орталығындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің оқушылары белсенділік танытты. Өз кезегінде ардагерлер де жастарға алғыс білдіріп, оқушылардың өтініштері бойынша соғыстағы ерліктері жайлы әңгімелеп берді. Қайғылы жылдарды Казимир Беймарт та еске алып, бұдан былай соғыс атаулының ешқашан болмауын, кейінгі ұрпақтың бейбітшілікте өмір сүруін тіледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар