Отансүйгіштік – ұлттық тәрбиеден басталады

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде өткен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы «Қазіргі жаһандық өзгерістер жайындағы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері» тақырыбына арналды.

«Мирас» қоғамдық кеңесі ата-бабадан қалған ұлттық болмыс пен салт-дәстүрімізді, таным-түсінікті жастардың бойына сіңіріп, олардың туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, отансүйгіштікке баулу мақсатында құрылған. Қоғамдық кеңестің отырысына «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов төрағалық етіп, іс-шараға жиналған студенттерге Елбасының саясатын, биылғы жылғы Жолдауындағы басым бағыттар мен мақсат-міндеттері жайында әңгімелеп берді.
Кеңес отырысына қатысқан М.Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек қазақстандық патриотизм тақырыбына нақты мысалдар келтіре отырып, ұлттық болмыс, ұлттық тәрбие, ар-намыс жайында мазмұнды әңгіме өрбітті. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Еркебұлан Балбергенов патриотизмді қалыптастыруға кедергі келтіретін қауіп-қатерлер жайында әңгімеледі. Сонымен қатар, ұлттық таным-түсінік нышандарын енгізе отырып балаларға арналған, қалта телефондарында ойнауға болатын ойын түрін шығарған жас жеке кәсіпкер, «Ин-сай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Самат Биғазы мен аталған оқу орнының 4-курс студенті Дастан Дәлелханов өздерінің кәсіптері мен жеке жобаларын қалай бастағандары, мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан көмек-қолдаулар, мемлекеттік гранттар жайында айтып берді.
– Ұлттық тарихымыз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді сақтап, оны келешекке жеткізу үшін қазақтың бай салт-дәстүрлері кеңінен суреттелген көркем фильмдерді, мәселен, соңғы жылдары жарыққа шыққан «Біржан сал», «Құнанбай» туындыларын көріп, әдеби кітаптарды көп оқыңыздар, Алаш тарихына үңіліңіздер, – деді белгілі журналист Балталы Сәрсенбаев.  
Отырыс соңында студенттер мен баяндамашылар пікір алмасып, патриотизм жайында өз ойларын ортаға салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар