«OTAU TV»-нің жаңа топтамасы

«Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы спутниктік теледидар желісінде шетелдік телеарналарды қоса отырып «OTAU TV+» жаңа топтамасын іске қосты. Ендігі уақытта бұрын көріп жүрген 66 тегін отандық теле және радиоарналардан басқа, көрермендер 14 шетелдік түрлі жанрдағы телеарналарға қол жеткізе алады. Топтама құны айына 500 теңге.

«OTAU TV+» жаңа топтамасына мынадай қосымша телеарналар қосылмақшы: «РТР Планета», «Рен ТВ интер», «Домашний», «СТС», «Мама», «Мульт», «CartoonNetwork», «Amedia-2», «Дом кино», «Cinema», «Bollywood», «Здоровье ТВ», «Россия 24» және «Музыка первого».
Естеріңізге сала кетейік, «OTAU TV» спутниктік телевизиясының «Тегін» топтамасында 66 отандық теле және радиоарналар SD және HD форматтарында көрсетіліп келген еді. Жаңа ақылы топтамаға қолжетімділік алу үшін қосымша жабдықтар орнатудың қажеті жоқ.
«Қазтелерадио» АҚ спутниктік хабар тарату желісі Қазақстан аумағының 100 пайыз қамтылуын қамтамасыз етеді. Онда кез-келген елді мекеннің тұрғыны тікелей спутниктік қабылдау қызметін пайдалана алады. «ТВ-Commerce»ЖШС-імен жасалған келісім-шарт аясында «Қазтелерадио» АҚ инфрақұрылымын пайдаланушы шет ел телеарналарын көрсету арқылы базалық топтамадағы 66 арнаны тегін және 76 арнаның «Премиум» топтамасын ақылы түрде көрермендерге тамашалауға ұсынуға мүмкіндік жасалып отыр.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *