OTAU желісінде – Discovery Showcase HD хабарлары

1 наурыз күні қазақстандықтарға алғаш рет  мемлекеттік тілде шетелдік телеарна контенті ұсынылды. Телеарнаның даму болашағы, сондай-ақ, OTAU TV  абоненттерін қандай жаңалықтар күтіп тұрғаны туралы Ақмола облысы филиалының директоры В.З. Арсланбеков әңгімелейді.

– Винер Зекриянович, көктем келісімен көрермендер қызықты контентпен жаңа телеарнаны ана тілінде көру мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. OTAU TV жерсеріктік телевизиясы желісінде жаңа Discovery Showcase HD телеарнасын іске қосуға қандай жағдайлар себеп болды?
– Себептері бірнеше және ең бастысы, біздің қазақстандық көрермендерге мүмкіндігі және сапасы жоғары бірегей қызықты контентті ұсыну.
Оператор нарыққа жаңадан шыққан уақытта қазақстандықтардың елеулі бөлігі аналогтық сападағы үш-төрт телеарнаға қол жеткізді, ал, негізінен олар да қолжетімді болмады, сондықтан, цифрлық жерсеріктік телевизия республика халқының арасында жоғары сұранысқа ие.
Одан әрі нарық дамуы өз түзетулерін енгізді, телехабар таратудың жаңа стандарттары пайда болуына байланысты, HDTV-ді дамыту және шетелдік өндірістегі арналарды енгізу қажет болды.
Бірақ, ешқашан басты мақсат өзгерген емес, ол ауыл және қала халқының арасындағы ақпараттық теңсіздікті қысқартып, еліміздің барлық азаматтарын цифрлық телевизиямен қамтамасыз ету еді.
– Ал, телеарнаның ұстанымы қандай және ерекшелігі неде?
– Discovery телеарналар топтамасы бұрыннан көрермендер арасында танымал. Олардың табысқа қол жеткізуінің кепілі жоғары сапалы контент, кең танымал бағдарламалар мен ең қызықты киноленталар болды. Жаңа телеарна бүгінгі таңда OTAU TV жерсеріктік хабар тарату желісі топтамасында бар телеарналарды біріктіреді: Discovery Channel, Animal Planet, TLC, Discovery Science және ID Xtra, бұл ретте үздік танымдық-ойын-сауық контенті HD сапада қолжетімді.
Сонымен қатар, арна көрермендерге эксклюзивті материалдарды көруге
жол ашады және оны тек Discovery Showcase HD телеарнасынан ғана көруге болады.
– Discovery Showcase  HD телеарнасының көрермендері кім? Қандай аудитория үшін әзірленді?
– Discovery Showcase HD телеарнасы кез-келген жастағы көрерменге арналған. Абоненттеріміздің 70 пайызы ауылдық жерлерде шоғырланғандықтан, оны қазақ тілінде сөйлетуді жөн көрдік. Қазіргі таңда барлық қызықты контенттер: ғылыми-танымдық және деректі фильмдер, табиғат пен қоршаған орта туралы, тұлғаның жетістіктері мен түрлі құрылымдары ана тілімізде қолжетімді, бұл біздің үлкен жетістігіміз деп есептеуге болады.  
Теледидар ақпарат пен білім көздерінің бірі болып табылады және арналардың осындай контентпен мемлекеттік тілде сөйлеуі Қазақстан Республикасының тіл саясатын дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
– Қазақ тілінде қандай бағдарламалар қолжетімді және қай мерзімге?
– Қазіргі кезеңде көрермендерге сағат 18.00-ден 24.00-ге дейін бағдарламалар  қазақ тілінде ұсынылады, олардың саны бірте-бірте ұлғайып, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап барлық контент толығымен қазақ тілінде болады. Миллиондаған көрермендердің  сүйіктісіне айналған: «Морган Фрименмен жаһан құпияларын тану», «Таңғаларлық мұхит», «Аляска: ормандағы отбасы», «Кит аулауға қарсы соғыс» сынды бағдарламаларын бүгінде қазақ тілінде көруге болады.
– Сіз контент HD сапасында қолжетімді дедіңіз. Яғни, сапаны қолдайтын жабдықты өзгерту қажет пе?
– Жабдықтарды ауыстырудың қажеті жоқ. OTAU TV абоненттері үшін телеарна HD және SD форматтарында (батырма №126 HD және №102 SD сапада) қолжетімді болады. Ал, жабдықтары HD сапасын қолдамайтын абоненттерге стандартты сапада қолжетімді болады.
– OTAU TV жерсеріктік хабар тарату желісінде HD сапада қолжетімді басқа да арналар бар ма?
– 2017 жылғы 1 наурыздан бастап OTAU TV желісінде ғылыми-танымдық фильмдер, негізгі мазмұны ғылым, табиғат, тарих және мәдениетке қатысты, танымалдығы кем емес «National Geographic HD» телеарнасы HD сапада іске қосылды.
– Ал, егер мен осы бағдарламаларды басқа тілде көргім келсе, ол мүмкін бе?
–  Әрине, жаңа арна бағдарламаларын тек қана қазақ тілінде ғана емес, сондай-ақ, ағылшын және орыс тілдерінде де көруге болады. Ол үшін пульттің көмегімен  параметрлерінен тілді өзгерту қажет.
– Жаңа телеарна қандай топтамада қол- жетімді?
– Discovery Showcase HD телеарнасы «Толық» ақылы арналар топтамасында тек ұлттық OTAU TV жерсеріктік телевизиясы абоненттері үшін ғана қолжетімді болып табылады.
– OTAU TV жабдығын орнатқысы келген адам не істеуі керек?
– Біздің өңірде OTAU TV қызметтеріне қосылу үшін дилерлер желісі бар. Болашақ абонент Көкшетау қаласындағы сату орталығы бөліміне Абай көшесі №108/2, 432 бөлме (4-шi қабат)  мекен-жайы мен 8(7162)40-15-51 телефоны бойынша тапсырыс қалдыруы қажет. Сондай-ақ, тапсырысты www.otautv.kz веб-порталында онлайн-қалдыруға болады. Қалдырылған тапсырыс әрі қарай дилерге жіберіледі, жұмыстың жүзеге асырылуын біз қадағалап отырамыз. Сізге ыңғайлы уақытта дилер келіп, орнату жұмыстарын жүргізеді.
– Орнатылатын жабдық қандай жинақтардан тұрады?
– Жиынтықтар тізіміне жерсеріктік қабылдау антеннасы, конвертор, цифрлық қабылдағыш (ресивер) пен кабель кіреді.
– Ақылы топтамада қанша арна бар? Және олардың бағасы қанша? Қазақ тілінде жоғары HD сапада сүйікті шоуларын тамашалау үшін абонент қанша төлеуі қажет?
– Ақылы топтамасын пайдаланушылар «Толық» топтамасына жаңа телеарналардың қосылуын есептегенде бүгінде қазақстандық және рейтингісі жоғары шетелдік 122 теле, радио арналар: фильмдік, ақпарат және жаңалықтар, ойын-сауық, тарихи, географиялық, балаларға арналған  арналар цифрлық сапада қолжетімді. Ақылы топтаманың құны 2500 теңгені құрайды. HD сападағы телеарналар үшін бөлек төлем алынбайды, яғни, ақылы топтаманың құны қымбаттаған жоқ.
– Сіз ел халқы үшін жоғары сапалы, қызықты  контент бар екендігі туралы айттыңыз. Алайда, олар  ақылы топтамаға енеді. Бұл арналар тегін топтамада хабар таратса  жақсы болар еді.
– Бұл қалыпты нарықтық тәжірибе болып табылады, мұнда сіз журналист ретінде материалды дайындайсыз, ол сіздің аудиторияңыздың кеңеюіне ықпал етсін деп оны қызықты етуге тырысасыз, әрине ол үшін сіз қаламақы аласыз. Бізде де солай, Discovery Network – ақылы телевизия саласында әлемдегі жетекші хабар таратушы компания, ол өз саласындағы  көшбасшылығын сақтау үшін үнемі шынайы өмірге негізделген контентті өндіруді қаржыландырып отырады, мақсаты жаңалықтарды жасау, таң қалдыру, шабыттандыру және тәрбиелеу болып табылады. Компания жүйелі түрде контент өндірісін қаржыландырады, кейіннен оны тарату құқығымен операторларға ақылы түрде ұсынады.
– Неліктен тұтынушыларға арналардың бүтін топтамасы ұсынылады? Мысалы, мен тізімнен бір немесе бірнеше арналарды таңдап алып, солар үшін ғана төлем жасап, өз ұнатқан арналарымды көре аламын ба?
– Қазіргі сәтте арналар топтамасын абоненттің өтініші бойынша қалыптастыру қызметі техникалық себептерге байланысты мүмкін емес. Болашақта бәлкім, осындай қызмет қолжетімді болады.
– Ақылы топтаманы қосуға акциялар немесе жеңілдіктер бар ма?
– «Қазтелерадио» АҚ үнемі «OTAU TV» акцияларын өткізіп отырады. Мысалы, өткен жылы OTAU TV абоненті науқанға қатысып, автокөлік ұтып алды. Іс-шараның шарттарына сәйкес 3 айдан 12 айға дейінгі мерзім ішінде «Толық» арналар топтамасына қосылуы қажет болатын. Сондай-ақ, осы іс-шара шеңберінде  тоңазытқыш, iPhone 6, екі адамға арналған Гоа аралына жолдама және басқа да көптеген сыйлықтар ойнатылды. Алақандағы қала акциясының қорытындысы бойынша OTAU TV абоненттері отандық телерадио хабарларын таратудың жүрегі, аты аңызға айналған Көктөбе телемұнарасына саяхаттап, теледидар экрандарына сурет және дыбыстың қалай берілетінін өз көздерімен көрудің бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Қазіргі таңда Технодом тұрмыстық техника дүкендер  желісінен OTAU TV жерсеріктік жабдықтарының толық жиынтығын сатып алсаңыз сіз 3 ай мерзімге «Толық» арналар топтамасын тегін тамашалай аласыз. Сондай-ақ, өңірлік абоненттік бөлімдерде (сату орталықтары) абоненттер үшін тұрақты акциялар мен ұтыс ойындары өткізіліп тұрады және де ақылы топтаманы жеңілдікпен қосуға болатын төлем карталары сатылады. Шын мәнінде акциялар жиі өткізілетіндіктен, оларды тізіп отыру мүмкін емес. Ағымдағы акциялар туралы ақпаратты www.otautv.kz сайтынан немесе әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылу арқылы біле аласыздар.
Жалпы, мазмұнды кеңейту және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды жетілдірудеміз, біз өз абоненттерімізге ең жақсы арналарды ұсынуға тырысамыз. Бізбен бірге болыңыздар!
– Сұхбатыңызға рахмет және жұмыстарыңызға табыс тілейміз.

Қосымша ақпарат:
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы – халықты эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телевизия және радиохабар таралымын таратумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық операторы.
Ұлттық жерсеріктік телевизияға қосылу үшін қабылдағыш (ресивер) және жерсеріктік  антенна жиынтығы қажет. Жабдықтарды орнату авторластырылған дилерлер мен зауыттар және Қазтелерадио арқылы жүзеге асырылады. Еліміз бойынша жабдықтардың орташа құны 34 000 теңге.
Ақмола ОРТД, сату орталығының телефоны: 8(7162)40-15-51.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар