Парасаты мол

Тұңғыш Президент күнін биыл үшінші мәрте атап өтпекшіміз. Мұны қазақ елінің гүлденуіне зор еңбек сіңіріп отырған Елбасына деген орынды құрмет деуіміз керек.

Сонау тоқсаныншы жылдардың тоқырауында тығырыққа тірелген елдер қатарындағы Қазақстанды экономикасы дамыған елдер қатарына қосуы, халықтар достығы мен ынтымақ-бірлігін нығайтуға бар күш-жігерін арнағаны Отанына, халқына деген асқан сүйіспеншілігі деп білемін. Президентіміздің салиқалы саясатын, көрегендігін жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауынан да айқын аңғаруға болады. Ең әуелі 2020 жылға, одан соң 2050 жылдарға жасалған бағдарламалар еліміздің іргесін нығайтып, Қазақстанның туын берік те биік ұстайтынымызға жетелейтіні жүректерге зор сенім ұялатады.
Ұлтымызға тән мәдени, рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, оны мәңгілік сақтау үшін көптеген жұмыстар жасалуда. Мұражайлардың, мәдени және спорт сарайларының, мектеп, бала бақшалар мен ауруханалардың көптеп бой көтеруі, тас жол мен темір жолдардың салынуы Елбасының халқына деген жанашырлығы, ел болашағына сеніммен қарауы деуіміз керек. Ішкі және сыртқы саясатты бірдей ұстануы оның көреген, білімдар және кемеңгер тұлға екендігін аңғартады.
Елбасының даналығы, болжампаздығы, ұлтжандылығы кім-кімге де болсын, үлгі-өнеге. Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ деп халықтың ой-арманын бір арнаға тоғыстыруы сөзсіз алға жетелейді, көкірегіңе үлкен сенім ұялатады. Біз Елбасының саясатын толықтай қолдап, жарқын болашаққа үкілі үмітпен қараймыз.

Зайрагүл ҚИЯБАЙҚЫЗЫ,
облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар