Полиция қызметкерлері арнайы таяқшаларды қолданбайтын болды

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқшаларды қолданбайтын болды.
«Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты халықаралық тәжірибемен танысып, зерттеген болатын. Қазіргі уақытта бірқатар еуропалық елдерде жол полициясы көлікті тоқтатарда арнайы таяқшаны қолданбайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болды», – деп атап өтті министрлікте.
Мәлім болғандай, ендігіде полицейлер көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «Тоқта!» деген белгі береді және сонымен бірге, ысқырықты немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды қолданады. Жол ережесін бұзушылар сондай-ақ, автопатрульмен тоқтатылатын болады.
«Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге, ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады», – деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар