Әр іс-қимыл маңызды

Облыс орталығында өткен семинар-кеңесте жемқорлыққа қарсы заңдылықтың насихатталуы әңгіме өзегіне айналды.

Мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аймақтық инспекциясы ұйымдастырған бұл жиын «Жемқорлықсыз мемлекет – гүлденген мемлекет» жобасы аясында өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық  бірлестігінің өкілдері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Жиналған қауым «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директоры Әлібек Баймағамбетовтың, басқа да баяндамашылардың пікірлерін ұйып тыңдап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Райхан Братаеваның алдағы уақытта мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілетін өзгерістер жайлы  жасаған хабарламасына  зер салды.    

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар