Рахым мен мейірім шуағы

Ұлыстың ұлы мейрамы – Наурыз мерекесіне орай, ЕЦ-166/24 мекемесінде Ашық есік күні ұйымдастырылып, сотталғандар өздерінің жақындарымен, туған-туыстарымен сағына қауышты. Темір тордың арғы бетінде отырғандар мен олардың жақындары бұл күнді асыға күткендіктері өзара қарым-қатынас, ілтипаттарынан көрініп-ақ тұрды. Мен өзімнің ұлым Санжар Рыдунмен кездесіп қайттым.
Мекеменің әкімшілігі аталмыш мерекеге ерекше дайындалыпты. Сотталғандардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, қазақтың ұлттық өнері паш етілді, әсерлі әндер орындалып, күмбірлеген күйлер шертілді. Әкімшілік тарапынан ақ дастархан жайылып, Наурыз көжеден дәм таттық, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Сотталғандардың тұратын бөлмелері мен дем алатын орындарына экскурсия жасалды.
Ашық есік күнін ұйымдастырған мекеменің әкімшілігіне ата-аналар атынан өзімнің зор алғысымды білдіремін. Алда да еңбектеріңіз жана берсін.

Людмила ГОЛОВАНЧУК.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *