Әрбір ашық күнді тиімді пайдалануда

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Андрей Сироткиннің айтуынша, сандықтаулықтар  53,3 мың тонна шөп қорын дайындауды жоспарласа, бүгінгі күнге дейін 46,9 мың тонна шөп дайындалып, маяларға салынды.

  Бұл – қолда бар малға қажетті біржылдық шөп қорының 88 пайызы. Бүгінгі таңда мал шаруашылығымен айналысатын «Сандықтау» серіктестігінің пішеншілері 474 тонна, «Балкашин асыл тұқымды зауыты» серіктестігінің пішеншілері 415 тонна шөп дайындап үлгерсе, бұл жұмыс «Свободный» мен «Каменка и Д» серіктестіктерінде қызу қарқын алған. «Новоникольский» серіктестігі директорының орынбасары Валерий Семенихиннің айтуынша, жергілікті пішеншілер 700 тонна шөп дайындап, маялаған.
– Қазір 150 гектар алқаптағы көпжылдық шөп шабылуда. Кейін 300 гектар алқапқа егілген біржылдық шөпті жинап аламыз. Серіктестік 150 бас жылқы, 400 қой бағады. Малға шөп жеткілікті. Оның үстіне жергілікті тұрғындарды мал азығымен қамтамасыз етеміз. Шөп шабумен бірге егін орағы жұмысына дайындық жүргізілуде. Жауапты науқанда пайдаланылатын техникалар жөнделуде, – дейді директордың орынбасары. Шөп қорын дайындаушы бригадаға Александр Семенихин жетекшілік етеді. Қазір төрт механизатор шөп шабумен айналысса,
Максим Попов жинайды. Петр Белан арнайы техникамен «КамАЗ» автокөліктеріне артады. Жамбыл Уатаев пен Виктор Санников тасымалдайды. Пішеншілердің қимылы ширақ. Өйткені,
бұл өңір өзен-көлді болғандықтан, жаңбыр жиі жауады. Сондықтан, әрбір ашық күнді тиімді пайдалану қажет. Жалпы, сандықтаулықтар қажетті жемшөп қорын дайындап алады деген сенім мол.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар