«Әрбір үйге – қауіпсіз азық-түлік»

Осындай тақырыппен облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалымен бірлесіп, арнайы акция  ұйымдастырды. 

  Жаз мезгілі басталысымен жеміс-жидек, көкөністерді тез өсіру үшін нитратты қолдану етек алатыны жасырын емес. Соның салдарынан көп адам уланып, ауруға ұшырайды. Қазір адамдар ашық алаңдарда сатылатын жеміс-жидектерді алуға құмар. Даладан сатып алып, ауырып қалсаң  оған ешкім жауап бермейді де. Оны сатып алғанда да қарап алу керек. Жабайы сауда қазір кең етек алып тұр.  
Халықты қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өткен аталмыш шараға тұрғындар да белсене атсалысты.  Облыстағы 10 азық-түлік базары мен 20 сауда орындарында   кез-келген адам сатып алған азық-түлік өнімін көшпелі зертханада тексертіп алу мүмкіндігіне ие болды.  Үш күннің ішінде 4273 сынама жасалса, оның 42-сі санитарлық нормаларға сәйкес келмейтіндігі анықталды.   Бактериологиялық зерттеулерге келсек, азық-түліктің 915 сынамасы жеткізіліп, оның ішінде талапқа сай емес фактілер орын алған жоқ. Алайда, паразитологиялық зерттеулерге 1425 сынама келіп түссе, 20-сында аскаридтер табылған.   
Акция барысында тұрғындарға өткір ішек инфекциясының алдын алу және одан сақтану жолдары жазылған арнайы кітапшалар таратылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар