Реформалар – қоғамды жаңғырту жолы

 

Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің бастамасымен өткен «Бас редакторлар клубының» отырысында  билік өкілеттіктерін  бөлу, Ата Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі реформалар талқыланды.

 

Дөңгелек үстелге облыстық газеттердің редакторлары, «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының және өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдері қатысты. Шара барысында Елбасының 26 қаңтарда жариялаған Үндеуін талқылауға арналған БАҚ саласындағы  жұмыстардың негізгі басымдықтары айтылып, Мемлекет басшысының 40-тан астам өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке  беруі және «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық қамтылуы қаралды. Бас редакторлар клубының төрайымы Валентина Косянюк Үндеуді талқылауға арналған бір ай ішінде облыста осы құжатты халыққа түсіндіру шараларын жүргізу кезінде ауқымды жұмыс атқарылғандығын айта келе, елді мекендер мен ауылдық округтердің тұрғындары тарапынан 26 бапқа енгізілетін өзгертулерге қатысты сұрақтардың  жиі қойылғандығын атап өтті.
Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа Елбасы реформасы жайында айта келіп, бұл өзгерістер демократияға бастайтын батыл қадам екендігіне тоқталды.  Оның сөзін «Қазақстан» РТРК облыстық филиалының директоры Арсений Дүйсенов те қолдап, Мемлекет басшысының  соңғы реформаларының барлығы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталып отырғандығын атап өтті.
Бұдан соң, бас редакторлар клубының мүшелері клуб жұмысына қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар