Құрметті ақмолалықтар! Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан 25 жыл бұрын тұңғыш рет өткізілген бүкілхалықтық сайлауда қазақстандықтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ел президент

Барша халықтың тағдырына байланысты жауапкершілік жүгін арқалаған біздің Президентіміз халықаралық деңгейде өзінің стратегиялық тұрақтылығы мен бекем бірлігі өзгеге үлгі бола алатын мемлекеттің іргетасын қалады.  Қазақстанның табысы біздің Тұңғыш Президентіміздің қисапсыз еңбегінің нәтижесі, оның көшбасшылық қасиеттерінің жемісі. Бүгінгі күні батыл да жігерлі Ұлт Көшбасшысының арқасында мемлекетіміз әлемдік деңгейде зор беделге ие болып отыр. Абыройы асқақтаған, қарым-қабілетін, ынтымағы мен ырысын күллі дүниежүзі таныған мемлекетіміздің алға қарыштап қадам басуы да Елбасының көреген саясатының арқасында мүмкін болып отыр.

Құрметті жерлестер!
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті күнімен шын жүректен жолдаған құттықтауымды қабыл алыңыздар. Әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосылуды көздеген, әр жыл сайын қарышты қадаммен алға басып келе жатқан еліміз Елбасымыз алдымызға қойған зор міндеттердің үдесінен шығып, гүлдене бергей. Баршаңызға бейбітшілік пен табыс, бақыт пен береке тілеймін.
Сергей Кулагин,       
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Қадірлі ақмолалықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл көпұлтты барлық қазақстандықтардың ұлық мерекесі. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты болжай білетін көреген саясаткерлігі мен биік мақсаттарға қол жеткізу жолындағы табандылығының арқасында  Қазақстан бүгінгідей жетістікке жетіп отыр.
Қазақстан халқы Елбасының әлеуметтік-экономикалық реформалары мен ішкі және сыртқы саясатын қолдайды. Басты байлығымыз – ұлтаралық, дінаралық татулық пен бірлігіміз  Мемлекет басшысының жүргізіп отырған көреген саясатының жемісі екендігі анық. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің басшылығымен бүгінде еліміз бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына енді.
Бүгінгі мерекелі күнде баршаңызға игілік пен тыныштық, береке-бақыт пен табыс тілеймін. Ортақ Отанымыз – Қазақстан дамып, нығайып, гүлдене берсін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

Қымбатты әріптестер!
Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнын алуына, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыған елдер қатарына қосылуы жолындағы еңбегі ұшан-теңіз. Биылғы жылы мерейлі мереке – ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтудеміз.  Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды. Егемендігіміздің арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралды, мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.
Бүгінде Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыған, бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен сенім ұялаған көпұлтты, берекелі шаңыраққа айналды. Қадірменді жерлестер, тәуелсіз  Қазақстанның серпінді дамуы мен өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
«Нұр Отан» партиясының
Ақмола облыстық филиалы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар