Ұрпағына адал өмір сүруді үйреткен

Менің әкем Жұмабек Қожамжарұлы 1911 жылы қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Албарбөгет елді мекенінде дүниеге келген. Соғысқа дейінгі жылдарда елде еңбек еткен.

1941 жылдан Ұлы Отан соғысында жаяу әскер қатарында болды. 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін туған елге аман-сау оралып, өзі туған «Албарбөгет» ұжымшарында мал шаруашылығында еңбек етіп, таяғы құтты озат шопан атанды.  Аяулы әкеміз 1995 жылы 19 наурызда өмірден өтті.
Анамыз Тұрғанша Шайқығалиқызы екеуі өмірге 5 ұл, 3 қыз әкеліп, тәлім-тәрбие беріп, мәпелеп өсірді. Тумысынан еңбекқор, шаруадан басқаны ойына алмайтын адам еді. Мынау жарық дүниеде адал жүріп, адал өмір сүруді ғана мақсат еткен жан ел байлығын еселеуге өз үлесін молынан қосты.  
Олардың заманында ерлікті мұрат тұтқан, елдікті ардақтаған ниет үстем болатын. Материалдық игілікке табыну, байлықты көксеу болған емес. Майдан шебінде де, еңбек даласында да перзенттік борыштарын өтеу сезімі үстем болды. Ел боламыз десек, осындай ниеттен арылмауымыз керек. Сол үшін де, әкелеріміз бен аталарымыздың үлгісін ұғып жүрейікші!

Алмас ЖҰМАБЕКҰЛЫ.

Тасты-Талды ауылы,
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар