СҮТ ТЕҢДЕССІЗ ТАҒАМ

Балалардың өсіп жетілуі, күш алуына көмектесетін, ересек адамдардың ағзасын қажетті барлық заттармен қамтамасыз ететін сүттің пайдасы ұшан-теңіз.

Сүт – адам тəнінің өсуі мен жетілуіне зор ықпал етеді. Адамның ағзасындағы улы заттарды жойып, тазартады. Жүрек, жүйке жəне бұлшық ет жасушалары үшін нəр болып табылатын сүт адамның өмір жасын да ұзартады. Сүтте май, шекер, протеин, түрлі витаминдер, минералды тұздар – бір сөзбен айтқанда, ауруға қарсы тұратын элементтер түгел кездеседі. Сүттен жасалатын май, ірімшік, қаймақ сияқты тағамдарда да адам ағзасы үшін пайдалы элементтер көп. Сүтті күніне жарты литр көлемінде ішкен жөн. Күнде ұйықтар алдында жылытылған бір кесе сүт ішіп жатуды əдетке айналдырсаңыз, ұйқысыздықтан құтыласыз, ас қорыту жұмыстары жақсарады, ағзаңыз тазарады. Жарты литр сүт күн сайын ағзаға қажетті кальцийдің 75 пайызын, фосфордың 60 пайызын, йодтың 25 па- йызын, В 2 жəне В12 витаминдерінің 77 пайызын, С витаминінің 15 пайызын, А витаминінің 23, Д витаминінің 16 пайызын қамтамасыз етеді. Сүттегі кальций еттен он, наннан бес, алмадан он бес, салат жапырағы мен сəбізден үш есе көп. Сүтті бала да, қария да ішуіне болады. Деніңіз сау, өміріңіз ұзақ болсын десеңіз, сүт ішіңіз.

Интернет материалдары бойынша дайындаған Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар