Сақтансаң, сақтайды!

 

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Халықаралық ЖИТС (жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы) ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Осыған орай, облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

 

– Бұл күнді өткізудің басты мақсаты АИТВ-мен (адамның иммунитет тапшылығының вирусы) өмір сүруші адамдарға моральдық, рухани және психологиялық қолдау көрсету, сонымен қатар, аталмыш мәселеге қоғамның назарын аудару болып табылады,–деді өз сөзінде орталық директоры Құрманбек Бұрмағанов.  Жиында орталық дәрігерлері де сөз сөйлеп, нақты мысалдарға сүйене отырып, мәселенің өзектілігіне тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Жер шарында 32 миллионнан астам АИТВ жұқтырғандар өмір сүреді екен. Олардың 20 миллионы ЖИТС індетінен қайтыс болған. Солардың басым көпшілігі 30 жасқа дейінгі жастар.     
Ақмола облысында соңғы он жылда аталмыш ауруға шалдыққандардың саны азайып келеді. Алайда, Атбасар, Жарқайың, Ақкөл аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларында бұл көрсеткіш төмендемей тұр. Десек те, орталық қызметкерлерінің қарқынды жұмысының нәтижесінде аурудың алдын алу, арнаулы мамандарға қаралу сияқты медициналық көмектер дер кезінде беріліп келеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар