Сайлауалды бағдарламада міндеттердің бәрі айқындалды

 Серік АЯҒАНОВ, Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы:

 

– Еліміз тәуелсіздік алғалы 25 жыл ішінде Қазақстан әлемдегі беделді мемлекеттердің біріне айналды. Бұл орайда, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен талай игі істердің жүзеге асырылғандығын айта кету керек. Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбааевтың стратегиялық бағдарламалары халыққа тың серпін берді.
Шындығында да, әлемде орын алып отырған қаржы дағдарысы біздің еңсемізді түсірмей, керісінше, жаңа бастамаларға жол ашуға тиіс. Кез-келген қиындықты жеңе білу үшін ерінбей еңбек ету керек. Бұл орайда әрине, алдымен білім мен біліктілік, еңбексүйгіштік қажет.
Партиямыздың кезектен тыс бүгінгі съезінде де қадау-қадау мәселелер қаралып, жаңа  бағдарлама қабылданып отыр. «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламада партияның алдында тұрған міндеттердің бәрі айқындалды. Ендігі мәселе – оларды нақты жүзеге асыру.
Бүгінде «Нұр Отан» партиясының халық алдындағы беделі өте жоғары екендігі белгілі. Алда келе жатқан сайлауда да халықтың басым көпшілігі өз таңдауларын дұрыс жасап, «Нұр Отанға» дауыс беретіндігіне кәміл сенемін. Оның айғағы ретінде осыған дейін өткен сайлауларды айтуға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар