Сайлаушылармен жүздесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Бижанованың облысымызға жұмыс сапары Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында жалғасты. Халық қалаулысы одан әрі Шортанды ауданында болып, екі өңірде де  еліміздің жоғары заң шығарушы органының  қызметі туралы айтып берді. 

Елбасының тапсырмасына орай, халықты еңбекпен қамтуды жүзеге асыру мақсатында жасалған «Бастау Бизнес» жобасы жеке кәсібін ашқысы келген  азаматтарға жеңілдетілген несиелер беріп, тегін оқыту арқылы шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауында нақты айтылған болатын. Аталмыш жоба аясында жұмыссыз  азаматтарды өз кәсібін қалай ашуға болатыны жайында оқытып, бизнестің қыр-сырын білуге жағдай жасалуда. Осы жобаға қатысып, шағын кәсіпкерлікпен айналысып бақ сынағысы келгендер көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарын қойып,  толымды жауаптар алды.
Келесі күні Мәжіліс депутаты Шортанды ауданында болып, «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» серіктестігінің ұжымымен жүздесті. Облысымызға ғана емес, елімізге аты танымал егін шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген ғылыми орталықтың ғылыми қызметкерлеріне Гүлнәр Бижанова заң шығару саласында атқарылған жұмыстар мен өкілетті органдардың құзыретін бөлісуге арналған Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты баяндап берді. Сондай-ақ, ел экономикасында елеулі орын алатын ауыл шаруашылығы, оның ішінде астық шаруашылығын дамыту бағытындағы мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан шаруаларға да тоқталды. Мәжіліс депутаты орталық  ғалымдары тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап беріп, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар