Сайыс тартысты өтті

Подгорный ауылында Қазақ хандығының – 550, Ата Заңымыздың – 20 жылдығына арналған  «Ақ бидай» жазғы аудандық спартакиадасы болып өтті.

Аталған шараның ресми ашылуы болғанға дейін  ерлер мен әйелдер арасындағы  футболдан, волейбол мен баскетболдан, шахматтан және Президенттік көпсайыстан жарыстар болып өтіп, үздіктер анықталып жатты.  Осы орайда, спартакиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өткен абзал.
Ақтық сайыста 15 ауылдық округ спорттың тоғыз түрі бойынша бақ сынасты. Тартысты өткен жарыстар нәтижесінде  жалпыкомандалық есепте бірінші, екінші орындарды Жаңа Қима, Запорожье ауылдық округтері иеленіп, жүлделі болған үштікті Подгорный елді мекенінің командасы түйіндеді.
Жеңіс тұғырынан көрінген барлық жүлдегерлер  кубоктар, медальдар, мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Спартакиада қатысушыларына арнайы мәдени шара мен мерекелік от шашу ұйымдастырылды.
«Арқа ажарының»  өз ақпараты.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар